ШҚО мектептерінің бірінде ART-студиясы, STEAM-зертханасы және Intellectum кабинеті ашылды
Биыл Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейінің 35 оқу кабинеті жаңартылды. 250 миллион теңге қаражат «Қазақстан халқына» қорынан бөлінген, деп хабарлайды Аltaynews.kz сайтының тілшісі.
Жалпы өңірде ауыл мектептерін жаңғырту, материалдық-техникалық базаны жаңарту бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Биыл 79 білім беру ұйымының жетеуіне күрделі жөндеу және ағымдағы жөндеу жүргізу үшін бюджеттен 2,1 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылы осы мақсатпен жұмсалған қаражаттан екі есе көп.
Сондай-ақ аймақта 50 мектеп жаңғыртылып жатыр. Төртеуі аудан орталығындағы білім мекемесі болса, қалғаны – 46 ауыл мектебі. Соның ішінде Күршім, Катонқарағай және Тарбағатай аудандарындағы үш мектеп күрделі жөндеуден өтеді.
Өңір мектептерінің 80 пайызында физика, химия, биология, STEM пәндік кабинеттері бар екенін айта кетейік.