Бүгін – Ветеринарлар күні
Фото: depositphotos.com
Биылдан бастап 10 шілде елімізде «Ветеринария қызметкерлері күні» болып бекітілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Жаңа мереке жануарлардың саулығы мен жануарлардан алынатын өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баға жетпес үлес қосатын ветеринарлық мамандардың еңбегінің маңызын атап өтуге арналған.
Соңғы онжылдықта Қазақстанның ветеринария қызметi ветеринария және тамақ өнiмдерi саласындағы тиiмдiлiк пен қауiпсiздiктi арттыруға бағытталған елеулi өзгерiстерден өттi. 2011 жылы құрылған Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті осы саладағы қызметті реттейтін және бақылайтын негізгі органға айналды.
Комитеттің негiзгi мiндеттерi – жануарларды аурулардан қорғау, халықтың денсаулығын сақтау, ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және қоршаған ортаның ластануын болдырмау.
Ветеринариялық препараттар мен жемшөптің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау қызметтің маңызды бағыты болып саналады.