KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 4 м/с, З
480.11 532.25 5.14

Көшпенділер ойындары жақындап келеді

Фото: syrboyi.kz

2.07.2024, 22:00 176 Қызырбек Дүргінбайұлы

Биыл елімізде дүниежүзілік V көшпенділер ойындары өтеді. Қазақ елінің төрінде өтетін дүниежүзілік көшпенділер ойынына 89 елден делагация келіп қатысып, 21 спорт түрі бойынша әр елдің мықтылары бақ сынамақ. Қазіргі таңда елімізде өтетін көшпенділер тойында 2500-ден аса спортшы өнер көрсетеді деп күтілуде. Ал дүбірлі тойдың ашылу салтанаты 8 қыркүйек күні «Астана Арена» стадионында болады, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

Биылғы көшпенділер ойындарында 113 медаль жиынтығы сарапқа салынып, спортшылар 21 спорт түрі бойынша байрақты бәсекде бақ сынайды. Ал ұлттық өнердің 10 түрінен арнайы көрсетілім сайысы өтеді. Соның ішінде Шығыс Қазақстан облысынан арқан тартыс, дәстүрлі садақ ату және таяқ тарту сияқты 3 спорт түрінен спортшылармыз тартысты бәсекеде бақы сынамақ.

Дүниежүзілік көшпенділер ойынының спорттық бағдарламасына қатысуға өтінімдер 2024 жылғы 15 шілдеге дейін жалғасады. Спорттық сайыстар «Астана-Арена» стадионында, «Қазанат» ипподромында, Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында, «Алау» мұз айдынында, «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде және «Думан» кешенінде өтетіні белгілі болған.

Нақтырақ айтқанда, «Қазанат» ипподромында және Этноауыл аумағында ат жарысы, дәстүрлі садақ ату, құстармен аң аулаудың ұлттық түрлері бойынша жарыстар өтпек. Ал Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы мен «Алау» мұз айдынында ұлттық күрес түрлері, жекпе – жек түрлері және халық ойындары бойынша жарыстар ұйымдастырылса, «Думан» кешенінде дәстүрлі зияткерлік ойындар бойынша қатысушылар өнер көрсетеді. Сондай-ақ «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде аккредиттеу және жабдықтау орталықтары орналасатын болады.
Сонымен қатар «Қазанат» ипподромына іргелес аумақтағы «Көшпенділер әлемі» этноауылында дүниежүзілік шараның мәдени бағдарламасын іске асыру жұмыстары жүргізілмек. Ал мәдени бағдарлама шеңберіндегі іс-шаралар Астана қаласының түрлі алаңдарында, саябақтар мен скверлерде, басқа да қоғамдық орындарда, театрларда, концерт залдарында, кинотеатрларда, мұражайларда, көрме павильондарында ұйымдастырылады деп жоспарланған және де түрлі спорттық ойындардың ғылыми бағдарламасының іс-шаралары ҚР Ұлттық музейінде өтпек.

Жоғарыда атап өткеніміздей V көшпенділер ойындарының бағдарламасына бірқатар спорт түрлері енгізілген. Олардың қатарында ат жарысы, ұлттық күрес түрлері, дәстүрлі зияткерлік ойындар, жекпе-жек түрлері бойынша жарыстар, дәстүрлі садақ ату, құстармен Ұлттық аң аулау түрлері, халықтық ойындар, сондай-ақ этникалық спорт түрлері бойынша көрсетілімдер бар.

Ойыншылар 113 медаль жиынтығын сарапқа салатын спорт түрлеріне толығырақ тоқталар болсақ мынадай: асық ату, ордо,  арқан тартыс, бәйге, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, қазақ күресі, ашыртмалы аба гүреши, Құраш, кореш, алыш, мас-күрес, powerful nomad. мықтылар сайысы, тоғызқұмалақ, барбекю, овари, жамбы ату, дәстүрлі садақ ату, құсбегілік, көк бору.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты бір күн бұрын этноауылда өтеді. Бұл күні «Астана – көшпенділердің астанасы» атты театрландырылған қойылым да көпшілік назарына ұсынылмақ. Сондайа-ақ Қазақстанның үздік қолөнершілерінің ірі көрме-жәрмеңкесі де өтетін болады. Ал дүбірлі той қарсаңында этноауылдың көркін айтыскер ақындар қыздырмақ. Жалпы айтқанда мәдениет әлеміндегі заманауи үрдістерді «Көшпенділер әлемі» фестивалі түгел жұртқа паш етеді деп күтілуде.

Балалар да бұл тойда қызықтан құр қалмайды. Өйткені балаларды іс-шаралар бағдарламасындағы этностильдегі көптеген ойын-сауық және дамытушы ойын алаңдары мен аттракциондар күтіп тұр. Сондай-ақ этноауылда сән көрсетілімі өтетін сахна да орналасқан. Этномода фестивалі аясында этникалық киімдердің әртүрлі үлгілері, соның ішінде осы бағыттың көшбасшысы – «Global Nomads» сән әлемін көпшілік назарына ұсынбақ.

Бұдан өзге де еліміздің тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін, шетелдік қонақтарға паш ететін іс-шаралар ілегі ұйымдастырылмақ.
Жоғарыда айтқанымыздай Дүниежүзілік көшпенділер ойынына қатыстатын Шығыс Қазақстан облсының спортшылары үш спорт түрі бойынша қатыспақ. Арқан тартыс бойынша 12 адамнан тұратын команда бақ сынайды. Олар:

  • Қадырбаев Ербос
  • Ошақбаев Дастан
  • Уәлиев Азамат
  • Ермоянов Тимур
  • Супонев Артем
  • Пеньяев Станислав
  • Жапышев Жан
  • Жүніс Алмас
  • Шәкіров Динислам
  • Жамбылов Руслан
  • Шәріпов Дәурен

Жабықпаев АлтайУәлиев тренан-жаттықтырушы 

Ал дәстүрлі садақ ату бойынша Ажар Төлеуханова сайысқа түссе, таяқ тарту бойынша Қожамбердиева Тахмина күш сынасатын болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив