Алдағы аптада өтетін спорттық іс-шаралар кестесі жарияланды
pexels.com
Қазақстан Республикасы Туризм жəне спорт министрлігінің ресми telegram-каналы 11-17 қараша аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесін жария етті.
9-12 қараша — Асық атудан ересектер арасындағы командалық Әлем кубогі. Жарысқа Қазақстан құрамасының 40 спортшысы қатысады. Өтетін орны: Түркия, Анкара қаласы. ⠀
9-13 қараша — Допты хоккейден ересектер арасындағы ҚР кубогі Турнирде еліміздің 15 өңірінен 115 спортшысы бақ сынайды. Өтетін орны: Өскемен қаласы. ⠀
9-16 қараша — Тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты. Жаһандық жарысқа әлемнің әр түкпірінен 100 спортшы қатысады. Өтетін орны: Түркия, Анкара қаласы. ⠀
10-16 қараша — Пара пауэрлифтингтен ҚР чемпионаты. Ел біріншілігінде 17 өңірден 100 спортшы өнер көрсетеді. Өтетін орны: Алматы қаласы. ⠀
10-17 қараша — Белбеу күресінен әлем чемпионаты (барлық жас санаты бойынша) Татарстанның Қазан қаласындағы әлем біріншілігінде 30 елдің 700 спортшысы белдеседі. Қазақстан құрамасы сапынан 100 палуан қатысады. Өтетін орны: Ресей, Қазан қаласы. ⠀
13-17 қараша — Джиу-джитсу халықаралық Abu Dhabi World Professional Jiu-Jitsu Championship турнирі. Халықаралық жарысқа әлемнің 10 елінен 500 спортшы қатысады. Ел намысын 28 спортшы қорғайды. Өтетін орны: БАӘ, Абу-Даби қаласы.