4-10 қараша аралығындағы спорттық іс-шаралар кестесі
Фото: Жасанды интеллект
Бұл аптада қазақстандық спортшылар мен жанкүйерлерді түрлі спорттық оқиғалар күтуде,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
-
29 қазан – 9 қараша – Шахматтан әйелдер арасындағы МТ FIDE Women’s Grand Prix 2024 турнирі. Әлемнің 6 елінен (Қазақстан, Қытай, Үндістан, Германия, Грекия, Болгария, Моңғолия) келген 10 мықты шахматшы жарысқа қатысады. Қазақстан құрамасы атынан Бибісара Асаубаева өнер көрсетеді.
Өтетін орны: Шымкент қаласы. -
30 қазан – 7 қараша – Арбадағы теннистен Грекия ашық чемпионаты. 12 елден 50-ден астам спортшы, оның ішінде қазақстандықтар қатысады.
Өтетін орны: Афина, Грекия -
30 қазан – 7 қараша – Джиу-джитсудан ересектер арасындағы әлем чемпионаты. Жарысқа әлемнің үздік спортшылары қатысады.
Өтетін орны: Афина, Грекия -
31 қазан – 6 қараша – Ә.Асқаровты еске алуға арналған ересектер арасындағы көкпардан республикалық ашық турнир. Еліміздің барлық өңірінен және Астана, Алматы қалаларынан 150 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Шымкент қаласы. -
1-5 қараша – Президенттік көпсайыстан Қазақстан Республикасының кубогі. Жарысқа 15 өңірден 120 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Петропавл қаласы. -
1-6 қараша – Голболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты. Алты өңірден 45 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Алматы қаласы. -
1-7 қараша – Садақ атудан халықаралық турнир. Қазақстан құрамасы сапынан: Жантеміс Жұбаев, Дмитрий Ким, Мадина Бекметова, Мансұр Әлімбаев, Мерей Жақып, Жанель Өмірзақова қатысады.
Өтетін орны: Самарқанд, Өзбекстан -
1-8 қараша – Индорхоккейден ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты (III-IV тур). 12 өңірден 100 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Жетісу облысы. -
1-8 қараша – Тоғызқұмалақтан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты. Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және барлық облыстан 280 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Семей қаласы.