KZ
Өскемен
-6°
ясно жел 2 м/с, СШ
495.95 524.37 4.98

Шаруалардан астық сатып алуға қосымша қаражат бөлінеді – министр

egemen.kz

Бүгін, 16:30 33 Гульжан Мусина

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Азық-түлік корпорациясы арқылы шаруалардан астықты тікелей сатып алу жоспарына түсінік берді, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі «ҚазАқпарат» агенттігіне сілтеме жасап.

– Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы тапсырма берді. Ертең Үкімет отырысында Азық-түлік корпорациясы арқылы фермерлерден тікелей астық сатып алу тақырыбын талқылаймыз. Бастапқы 10 миллиард теңгені бөлуді Қаржы министрлігі дайындап жатыр. Осы қаражатқа сатып алуды бастай береміз. Ары қарай тағы қосымша қаражат бөлінеді, – деді А.Сапаров Парламент Мәжілісінде биылғы астықты өткізу мәселесін талқылауға арналған жиыннан кейін.

Оның айтуынша, Азық-түлік корпорациясындағы жинақталған бидай сатылғаннан кейін, осы босаған қаражат та фермерлерді қолдауға бағытталмақ.

– Дәл қазір шаруалардан қанша астық тікелей сатып алынатынын айта алмаймын. Ертең Үкіметте шешім қабылданғаннан соң, жалпы көлемі жарияланады, – деді министр.

Еске салсақ, жақында Президент Үкіметке Азық-түлік корпорациясы арқылы шаруалардан астық сатып алуды тапсырған болатын.

Нұржан Кенжеұлы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу