Биыл бидайдың сапасы мен түсімі төмендеп кеткен
Фото: egemen.kz
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров биылғы егін жинау науқанында қандай қиындықтар бар екенін айтып берді.
Биыл өнімділік 6 млн тоннаға аз болған, деп хабарлайды Altaynews Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
— Биыл егін жинау науқаны қиын өтіп жатыр, 25 күн жаңбыр жауды. Өнімділік 6 млн тоннаға аз болды, - деді Айдарбек Сапаров Үкімет кулуарында тілшілерге берген сұхбатында.
Сонымен бірге, министр бидай сапасының төмендегенін айтты.
— Өткен жылы үшінші-төртінші сұрыптағы астық шамамен 90% болса, қазір элеваторларға әкелу деректері бойынша, ұн жасауға қажетті үшінші сұрып шамамен 35%. Төртінші сұрып 20% асады, ол да ұнға жарайды. Ал одан төмені жем-шөпке жіберіледі. Қымбаттауды көріп отырған жоқпын, керісінше, арзандау байқалады. Қазіргі уақытта фермерлер бидайды сата алмай жатыр. Сондықтан азық-түлік корпорациясы бағаны жариялайды. Қазақстандықтар қорықпауы керек, астық жеткілікті, - деді Айдарбек Сапаров.
Оқи отырыңыз