KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Биыл 11,4 млн тонна бидай жиналды

Фото: egemen.kz

7.11.2023, 14:58 327

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров биылғы егін науқанын қорытындылап, қандай дақылдар мен көкөністер жиналғанын айтып берді.
Биыл 11,4 млн тонна бидай бастырылған екен, деп хабарлайды Altaynews Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

— Бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірлерінде астық жинау аяқталу сатысында. Облыс әкімдіктерінің деректері бойынша орташа өнімділігі 9,7 ц/га бастапқы салмақта 16,4 млн тонна астық бастырылды, оның 11,4 млн тоннасы бидай, - деді Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында.

Дақылдар бөлінісінде бидай жиналатын алаң 13,4 млн гектарды құрайды, оның 11,4 млн тоннасы бастырылды.

Майлы дақылдар 1,9 млн гектар немесе 68%-ды көрсеткен, қазіргі уақытта 1,6 млн тонна май тұқымы жиналды. Оның ішінде күнбағыстың орташа өнімділігі 11,6 ц/га болып, 747,5 мың тоннасы бастырылған.

Картоп 168,8 мың га аумақтан толығымен жиналып, 3,5 млн тоннаны құраған.

Көкөніс дақылдары 162,4 мың га алаңнан жиналды, жалпы алым 4,3 млн тоннаға жеткен.

— Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, жалпы жиналатын астық – 16 млн тоннаны (бидай 11,3 млн тонна) құрайды. 3 млн тонна көлеміндегі ауыспалы астық қалдықтарын ескерсек, елді нан, ұн және макарон өнімдерімен толық қамтамасыз ету үшін жеткілікті. Лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына барлығы 4,7 млн тонна астық құйылды, оның ішінде 1,8 млн тонна – 3-сұрып астығы, - деді Айдарбек Сапаров.

Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрі биылғы жыл фермерлер үшін оңай болмағанын, негізгі астық егетін өңірлерде нөсер жаңбыр 25 күннен асқанын айтқан еді.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу