Мемлекет басшысы Жарлығымен 2025 жыл "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жарияланды
pexels.com
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланды,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің реформасын іске асыру мақсатында қаулы етемін:
1. 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын.
2. Қазақстан Республикасының үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген жарлықта.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл қыркүйекте айында Қазақстан халқына жолдауында 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жарияланатын айтқан еді.
"Кәсіптік білім беру саласына реформа жасау – айрықша өзекті мәселе. Бұл – экономиканың өсімін қамтамасыз ету және инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін аса қажет қадам. Мен 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаймын. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Сондай-ақ біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз", - деді Президент жолдауда.
Оқи отырыңыз