Қазақстанда Ұлттық құзыреттілік орталығы ашылады
Фото: pexels.com
Астана қаласында Ұлттық құзыреттілік орталығы ашылмақ,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Бұл бастама Мемлекет басшысының Жұмысшы мамандықтар жылын жариялауына және ҚР Премьер-министрінің тапсырмасына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттерін қолдауға бағытталған.
Орталықтың негізгі мақсаты – бизнес пен білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту, студенттерді халықаралық кәсіби шеберлік жарыстарына даярлау, сарапшылық қауымдастықты дамыту, сондай-ақ жұмысшы мамандықтардың танымалдылығын арттыру. Бұл бірыңғай жаттығу базасы ретінде қызмет ететін маңызды платформа болмақ.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев:
Айта кету керек, мұндай орталықтар Қытай, Оңтүстік Корея және Ресейде сәтті жұмыс істеп, жоғары білікті кадрлар даярлауда тиімділігін дәлелдеді. Әлемде WorldSkills қозғалысы – жұмысшы мамандықтарының беделін арттырудың басты құралдарының бірі. Қазақстан ұлттық құрамасы бұл қозғалысқа 2014 жылдан бері қатысып, ел намысын абыроймен қорғап келеді.