Ардагерлерді қолдауға 17 миллиард теңге бөлінді
Фото: gov.kz
2025 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда 85 203 ардагер тұрады,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Олардың арасында:
- Ұлы Отан соғысының 120 ардагері;
- Жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген 16 983 ардагер;
- Басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан 26 506 ардагер;
- Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлері – 41 594 адам.
2024 жылы жоғарыда аталған санаттағы ардагерлерге 16,7 млрд теңге көлемінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы төленді. 2025 жылы бұл мақсатқа 17 млрд теңге қарастырылып отыр.
Айта кетейік, биыл Ұлы Жеңістің 80 жылдығы атап өтіледі. Бұл тарихи күнді ұлықтау аясында ардагерлерді қолдауға арналған түрлі шаралар жоспарланған.
Оқи отырыңыз