KZ
Өскемен
-3°
небольшой снег жел 6 м/с, Ю
516.85 537.68 5.26

Әлеуметтік инспекторлар 2024 жылы 2,6 мыңнан астам тексеру жүргізді

gov.kz

Кеше, 10:00 169 Төлеуғазы Жансая

2024 жылы мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары Қазақстанның барлық өңірлерінде 2 695 тексеру өткізді,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Тексеру барысында балабақшалар, мектептер, ауруханалар, сауда орындары және басқа да нысандар қамтылды. Атап айтқанда, мемлекеттік бақылаумен: әкімдіктер – 178, жергілікті атқарушы органдардың бөлімдері мен басқармалары – 112, мемлекеттік мекемелер – 117, балабақшалар – 470, мектептер – 805, колледждер, лицейлер – 145, ауруханалар, емханалар – 89, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары – 101, оңалту орталықтары – 11, дүкендер – 22, сауда үйлері – 39, ДК – 50, мәдениет үйі – 12, мұрағаттар, мұражайлар – 13, банктер – 12, кафелер, мейрамханалар, қонақ үйлер – 33, нотариустар – 4, санаторийлер – 8, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері – 9, полиция пункттері – 8, стомалогия – 4, автобус паркі, авто/теміржол вокзалдары, әуежайлар – 9, кітапхана – 4, БЖСМ, спорт мектептері – 16 және басқалар тексерілді.

Тексеру қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 1087 ұйғарым берілді, сондай-ақ жалпы сомасы 230,3 млн теңгеден астам айыппұл түрінде 973 әкімшілік жаза қолданылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларының институты жұмыс істейді. Олар мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және осы саладағы заңнаманың орындалуын қадағалаумен айналысады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу