Қазақстанда әлеуметтік инспекторлар 300-ден астам тексеру жүргізді
Фото: navostok.org
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, халықтың әлеуметтік осал топтарының құқығын қорғау мақсатында әлеуметтік инспекторлар 300-ден астам тексеру жүргізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ҚР Әлеуметтік кодексінің күшіне енуімен 2023 жылғы 1 шілдеде елде мүмкіндігі шктеулі адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік әлеуметтік инспекторлар институты енгізілді.
Жыл басынан бері әлеуметтік инспекторлар 338 тексеру жүргізді, оның 95-і профилактикалық бақылау шеңберінде, 243-і жоспардан тыс.
Айжанат Бақытқызы