KZ
Өскемен
-24°
переменная облачность Штиль
508.91 594.36 6.33

24 наурыздан бастап Қазақстанға заңсыз жолмен жаңадан әкелінген смартфондар бұғатталады

pixabay.com

15.02.2025, 16:00 818 Төлеуғазы Жансая

2025 жылғы 24 наурыздан бастап абоненттік ұялы байланыс құрылғыларын тіркеу ережелеріне енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Жаңа ережелер тек 24.03.2025 жылдан кейін елге әкелінген жаңа құрылғыларға ғана қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР ЦДИАӨМ сілтеме жасап.

Қазақстан аумағында бұрыннан бар және Идентификациялық кодтар дерекқорына енгізілген телефондар автоматты түрде «ақ тізімге» енеді және ешқандай шектеусіз жұмысын жалғастырады.

Бұл жаңашылдықтар тіркеу жүйесін одан әрі жақсартып, алаяқтықпен күресуге, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және мобильді құрылғыларды пайдалану қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Бүгінгі таңда Қазақстанда шамамен 3,7 миллион қайталанған IMEI-коды бар құрылғылар тіркелген. Олардың заңсыз әкелінуі айтарлықтай экономикалық және әлеуметтік мәселе туындатады. Бұндай мобильді құрылғылар нарығы құрылғылардың заңды айналымын бақылауды қиындатып, телефон ұрлығының көбеюіне ықпал етеді және әділетсіз бәсекелестік туғызады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу