KZ
Өскемен
-22°
туман жел 1 м/с, С
504.6 594.27 6.48

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады

1.06.2025, 09:00 391 Кайсанова Инабат

Бүгін – 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Айтулы датаға орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балаларды мерекемен құттықтап, әлеуметтік желідегі парақшасында жылы лебізін білдірді.

Балаларды қорғау күні құтты болсын! Жас ұрпаққа тағылымды тәрбие, сапалы білім беріп, олардың бойына асыл қасиеттерді сіңіру – баршаға ортақ парыз. Мемлекет балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдайды жасай береді. Әрбір бүлдіршіннің балалық шағы бақытты, болашағы баянды болсын! – деп жазды Президент Х желісіндегі парақшасында.

Президент атап өткендей, ұлт болашағы саналатын өскелең ұрпақтың амандығы мен бақыты – мемлекет саясатының маңызды бағыты. Бүгінде елімізде балалардың құқықтарын қорғауға, білім алуына, тәрбиесіне, денсаулығына айрықша көңіл бөлініп отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу