KZ
Өскемен
-33°
туман жел 2 м/с, СБ
512.16 594.72 6.57

Қазақстанның ірі қалаларында түнгі экспресс-маршруттарды іске қосу ұсынылды

Фото: Үкімет

10.06.2025, 15:30 194 Гульжан Мусина

Қазақстанның ірі қалаларында туристердің жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында әуежайлар мен қала орталығы арасында түнгі экспресс-маршруттарды іске қосу жоспарлануда, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі Үкіметке сілтеме жасап.

Туризм және спорт министрінің айтуынша заңсыз такси қызметтері – кең таралған мәселе. Халықаралық әуежайларда QR-код жүйесі енгізілді. Онда сенімді такси, қонақүйлер, электронды сим-карталар мен туристік нысандар туралы ақпарат көрсетіледі. Әкімдіктер бұл жұмысты тұрақты түрде қадағалап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыруы керек. Қажет болса, заң бұзушыларға қатысты жауапкершілікті күшейту мүмкіндігі де қарастырылуы қажет.

Сондай-ақ ірі халықаралық қалалардағы секілді түнгі уақытта әуежайдан қала орталығына автобус қатынасы жоқ. Бұл мәселені шешу үшін түнгі экспресс-маршруттарды іске қосу ұсынылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу