KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 5 м/с, СБ
512.32 582.92 6.29

Елімізде туристердің қауіпсіздігі үшін E-Shagym жүйесі іске қосылады

pixabay.com

9.04.2025, 09:00 164 Төлеуғазы Жансая

00:00
00:00
 

Туристер такси жүргізушілері мен қонақүйлерге E-Shagym жүйесі арқылы шағымдана алады. Бұл туралы ҚР туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Үкіметке сілтеме жасап.

 Ол аталған жұмыс туризм саласын цифрландыру аясында жүргізілетінін атап өтті.

«Цифрландыру және TravelStan қосымшасын іске қосу аясында турист қажет болған жағдайда бір тетік арқылы мемлекеттік органның белгілі бір өкілінің, қонақүй reception-нің заңсыз әрекеттеріне, такси жүргізушісінің дөрекілігіне шағымдана алғанын қалаймыз. Бұл жүйе E-Shagym – шағымдарды жинақтау жүйесі деп аталады. Біз оны енгізуді жоспарлап отырмыз», — деп түсіндірді Ержан Еркінбаев.

 Travelstan сервисі нарықтың барлық қатысушыларын біріктіруге және туристерге сапалы әрі сенімді қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу