Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Фото: ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті
Қазақстандық жас балуандар Вьетнамда өткен Азия чемпионатында ел мерейін үстем етті. 17 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен байрақты бәсекеде жерлестеріміз барлығы 38 медаль жеңіп алды. Оның 13-і – алтын, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетіне сілтеме жасап.
23 жасқа дейінгі балуандар жетістігі:
Грек-рим күресі бойынша:
- Алтын жүлде: Ерасыл Мамырбеков (55 кг), Исхар Курбаев (60 кг), Бағдат Сабаз (67 кг), Ақжан Ықыласов (77 кг)
- Күміс жүлде: Мақсат Сайлау (87 кг), Юсуф Мациев (97 кг), Джохар Узоров (130 кг)
- Қола жүлде: Диас Қалтай (82 кг)
Еркін күрес:
- Алтын: Маийс Әлиев (70 кг)
- Күміс: Мерей Базарбаев (61 кг), Елнар Шілдебай (86 кг), Нұрдәулет Бекенов (97 кг)
- Қола: Нұрдәулет Сейілбеков (74 кг), Асхаб Хаджиев (79 кг), Әлімжан Сәлімжан (125 кг)
Әйелдер күресі:
- Алтын: Виктория Хусаинова (59 кг)
- Қола: Зейнеп Баянова (53 кг), Ангелина Первухина (55 кг), Тыныс Дүбек (62 кг)
Командалық есеп:
- Грек-рим – I орын
- Еркін күрес – II орын
- Әйелдер күресі – III орын
17 жасқа дейінгі жасөспірімдер нәтижесі:
Грек-рим күресі:
- Алтын: Қуанышбек Жанажол (45 кг), Нұрдәулет Құмарұлы (48 кг), Дамир Ақан (60 кг), Досбол Шамиль (65 кг)
- Күміс: Сұңқар Зарап (51 кг), Әділет Тойшы (92 кг)
- Қола: Ислам Ғасымов (71 кг)
Әйелдер күресі:
- Алтын: Жайдар Мұқат (61 кг)
- Күміс: Сания Сұлтанғали (49 кг), Мадхия Усманова (57 кг)
- Қола: Інжу Баққожа (40 кг), Нұрайым Саяхмет (65 кг)
Еркін күрес:
- Алтын: Ибрахим Ысқақбек (55 кг), Бекасыл Асамбек (60 кг)
- Күміс: Сабыржан Рахатов (45 кг), Нұртай Наров (71 кг)
- Қола: Темірлан Мұрат (48 кг), Дінмұхаммед Қасымбек (80 кг), Бейбарыс Ерғали (92 кг), Риза Изахар (110 кг)
Командалық есеп:
- Еркін күрес – I орын
- Грек-рим – II орын
- Әйелдер күресі – IV орын
Айта кетейік, шілде айында Астанада ауыр атлетикадан жастар арасында Азия чемпионаты өтеді.