KZ
Өскемен
-19°
туман жел 2 м/с, З
502.89 527.03 5.71

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері 

istockphoto.com

Бүгін, 18:00 68 Төлеуғазы Жансая

Өткен аптада қазақ спортшылары түрлі халықаралық додаларда жеңіс тұғырынан көрініп, ел мерейін үстем етті, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.  

Мәнерлеп сырғанау: Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өткен Төрт құрлық чемпионатында Михаил Шайдоров топ жарды. Ол қоссайыста 285.10 ұпай жинап, алтын медаль иеленді. Айта кетейік, осыдан дәл 10 жыл бұрын марқұм Денис Тен де Сеул төрінде чемпион атанған болатын.  

Спорттық гимнастика: Германияның Котбус қаласында өткен Әлем кубогінің бірінші кезеңінде Милад Карими еркін жаттығулар финалында 14.133 ұпай жинап, алтын медаль жеңіп алды.  

Конькимен жүгіру: Польшадағы Әлем кубогі кезеңінде Евгений Кошкин 500 метр қашықтықта үздік шығып, тарихи жеңіске қол жеткізді. Қазақстан соңғы рет бұл жарыстың алтын жүлдесін 2011 жылы командалық спринтте жеңіп алған еді. Сонымен қатар, Қазақстан әйелдер құрамасы командалық сында қола медаль еншіледі.  

Нысана көздеу: Таиландта өткен Азия кубогінде Қазақстан құрамасы 12 алтын, 9 күміс, 4 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 1-орынға ие болды.  

Садақ ату: Таиландтағы Азия кубогі кезеңінде ұлттық құрама үш күміс медаль олжалады.  

Дзюдо: Варшавада өткен Еуропа кубогінде қазақ дзюдошылары 1 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алды. Ерлер арасындағы 60 кг салмақта финалда екі отандасымыз Шерзод Давлатов пен Бақытжан Аман кездесіп, Шерзод жеңімпаз атанды.  

Каратэ: Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында өткен жастар арасындағы А сериясы турнирінде Қазақстан командасы 8 жүлде жеңіп алды.  

Батуттағы гимнастика: Қазақстан құрамасы Бакуде өткен Әлем кубогі кезеңінде күміс медаль иеленді.  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу