KZ
Өскемен
-10°
плотный туман жел 2 м/с, С
505.53 593.44 6.34

Skills Enbek платформасында биыл 260 мыңнан астам қазақстандық оқудан өтті

gov.kz

3.07.2025, 16:00 242 Төлеуғазы Жансая

2025 жылдың басынан бері 260 мыңнан астам адам Skills Enbek онлайн оқыту платформасы арқылы түрлі мамандықтар бойынша білім алды. Оның ішінде 42 мыңға жуық жұмыссыз азамат арнайы сертификатқа ие болды. Платформада жалпы 800 мыңнан астам қазақстандық тіркелген, соның 300 мыңы биыл ғана қосылған. Ал іске қосылғаннан бері 670 мыңнан астам адам оқудан өтті, деп хабарлайды Altainews.kz.

Биыл оқыған жұмыссыздардың едәуір бөлігі Түркістан, Алматы, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласының жастары екені атап өтілді. Бұл платформа әсіресе жастар арасында сұранысқа ие екенін көрсетеді.

Skills Enbek-те бүгінде 1000-нан астам онлайн курс жарияланған. Олардың ішінде тегін ұсынылатындары да бар. Пайдаланушылар оқуды өз қарқынымен, ыңғайлы уақытта және өзіне түсінікті тілде жалғастыра алады. Платформада оқудың құрылымы мен материалдар беру әдісі қарапайым әрі қолжетімді етіп жасалған.

Курстарды аяқтағаннан кейін қатысушылар тестілеуден өтіп, дағдыларды меңгергенін растайтын сертификат алады. Бұл құжат Enbek.kz сайтындағы түйіндемеде автоматты түрде көрсетіледі. Жұмыс берушілер де үміткердің қандай білім алғанын көріп, дұрыс таңдау жасай алады.

Платформада курс авторларына да барлық жағдай жасалған. Оқыту материалдарын түрлі форматта дайындап, жүктеу мүмкіндігі бар. Олардың жұмысының тиімділігін бағалайтын құралдар, статистика мен ыңғайлы сабақ құрастыру интерфейсі де қарастырылған.

2023 жылдың соңынан бастап платформаның мобильді нұсқасы іске қосылып, Enbek қосымшасы арқылы да оқуға мүмкіндік пайда болды. Қосымша App Store мен Google Play-де қолжетімді.

Skills Enbek – елімізде «өмір бойы оқыту» мәдениетін дамытуға бағытталған, білім мен білікті арттыруға арналған тиімді алаң. Платформаға https://skills.enbek.kz/ арқылы немесе Enbek.kz сайтындағы «Онлайн оқыту» бөлімінен өтуге болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу