KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 2 м/с, В
441.66 475.14 4.86

Жасы елуден асқан қазақстандықтар тегін білім ала алады

Фото: egemen.kz

12.09.2023, 22:12 221 Мадина Амангелдіқызы

«Күміс жас» жобасы аясында 50 жастан асқан қазақстандықтар тегін білім алып, одан әрі жұмысқа орналасу үшін жаңа дағдыларды игере алады.

Skills Enbek платформасында «Күміс жас» атты қосымша бет бар, онда барлық қол жетімді курстардың тізімі орналастырылған. Қазіргі уақытта маркетинг, туризм, ақпараттық технологиялар, ауыл шаруашылығы, қаржы, білім беру және әлеуметтік қызмет көрсету бағыттары бойынша 100-ден астам курс ұсынылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Азаматтар оқу тілін және материалды ұсынудың ыңғайлы принципін таңдай алады, сонымен қатар оқу барысын бақылау мүмкіндігі бар.

Пайдаланушылар үшін дағдыларды игергені туралы сертификат беру көзделген, Электрондық еңбек биржасындағы (enbek.kz) түйіндемеде барлық игерген дағдылары туралы ақпарттар автоматты түрде көрсетіледі. Жұмыс беруші жұмыс іздеушінің түйіндемесінен сертификаттар мен алған дағдыларын көреді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғай министрлігінің мәліметінше, жақын арада «Күміс университеті» жобасы аясында жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық арқылы ұсынылатын курстар желісін кеңейту жоспарланып отыр.

 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив