KZ
Өскемен
-8°
плотный туман Штиль
505.53 593.44 6.34

Қыс қамы: Қазақстанда 13,8 млн тонна шөп дайындалды

Фото: stock.adobe.com

28.07.2025, 13:30 271 Гульжан Мусина

2025 жылдың 25 шілдесіндегі жағдай бойынша елімізде алдағы қысқа арналған 13,8 миллион тонна шөп дайындалды. Бұл – жоспарланған көлемнің 53,8 пайызы, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, 1 миллион тоннадан астам сүрлем әзірленген. Бұл жоспардың 59,9 пайызын құрайды.

Жалпы, 2025–2026 жылғы қысқы-қора маусымына республикалық жоспарға сәйкес:

  • 24,5 млн тонна шөп,
  • 1,7 млн тонна сүрлем,
  • 4,6 млн тонна сабан,
  • 5,5 млн тонна құрама жем,
  • және 2 млн тонна силос дайындау көзделген.

Министрліктің мәліметінше, биыл мал азығына арналған дақылдар 3,3 млн гектар жерге егілген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 127,9 мың гектарға көп.

— Қазіргі дайындық қарқыны ауыл шаруашылығы жануарларын қажетті көлемде азықпен қамтуға, қыста мал басын сақтап қалуға және мал өнімділігі бойынша жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік береді, — делінген министрлік хабарламасында.

Мал азығының жағдайы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен оның өңірлік құрылымдарының тұрақты бақылауында. Мамандар шаруаларды азық қорын дер кезінде жинап алуға шақырып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу