KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 8 м/с, ОШ
488.11 530.09 5.01

ШҚО-да қысқы мал азығы жеткілікті

30.11.2023, 14:52 203

ШҚО-да малға арналған қысқы жем-шөп қоры жеткілікті мөлшерде әзірленді. Бүгінге дейін өңірде шамамен 1,5 млн тонна жем-шөп дайындалған. 
Атап айтсақ, шөп – 1,1 млн тонна (жоспардың 104%-ы), пішендеме – 80,6 мың тонна (103,1%), сүрлем – 195 мың тонна (101,8%), сабан – 81,4 мың тонна (100%), құрама жем – 141,1 мың тонна (100,7%) мөлшерінде дайындалған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

– Биыл ауа райы егін шаруашылығы үшін қолайсыз болды. Десек те соған қарамастан малға қажетті азық нормаға сай дайындалды. Шөппен 104 пайыз, жеммен 100 пайыз қамтылғанбыз. Егер бір ауданда жем немесе шөп жетіспей жататын болса, басқа аудандардан жеткізудің жолын қарастырамыз, – деді Ермек Көшербаев.

Қазір ШҚО-да егін жинау науқаны толық аяқталған. Дәнді дақылдардың орташа өнімділігі – гектарынан 14,4 центнер. Көктем мен жаздағы құрғақшылық және егін жинау кезіндегі жауын-шашынның көп болуы өнімділіктің сәл төмендеуіне әсер еткен. Майлы дақылдар биыл 210,9 мың гектарға егілген, жалпы түсім былтырғы деңгейде, яғни жалпы түсімі 390,7 мың тонна болды, өнімділік – 18,7 ц/га.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив