KZ
Өскемен
-7°
ясно Штиль
497.89 525.12 5

Қазақстанда 50,2 миллион тонна жем дайындалды

Бүгін, 19:30 33 Гульжан Мусина

Ауыл шаруашылығы министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жемшөп өндірісін дамыту бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі Ауыл шаруашылығы министрлігіне  сілтеме жасап.

Жемшөп дақылдары үшін суармалы жерлердің аумағын кеңейту, жемшөп дақылдарының тұқым шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу және жайылымдық жерлердің өнімділігін арттыру жөнінде шаралар қабылдау мақсатында ведомство жемшөп өндірісін дамытудың Жол картасын өзектендіру бойынша жұмыстарды қолға алған.

Ағымдағы жылы өңірлердің деректері бойынша жемшөп дақылдарының егістік алқаптарының аумағы 3,2 миллион гектардан асты, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 83,5 мың гектарға артық. Осы ретте егістікке орналастырылатын жемшөп үлесі шамамен 14%-ды құрағанын айтқан абзал (2023 жылы – 13%).

Жалпы, 24,5 миллион тонна шөп (бір жарым жылдық – 36,7 миллион тонна), пішен – 1,7 миллион тонна, сабан – 4,6 миллион тонна, концкорм – 5,5 миллион тонна және сүрлем – 2,0 миллион тонна дайындау жоспарланған.

Ағымдағы жылдың 18 қарашасындағы жағдайы бойынша 34,9 миллион тонна көлемінде шөп (бір жылдық жоспардан 142,6%), 2 миллион тонна пішен (жылдық жоспардан 117,6%), 5,6 миллион тонна құрама жем (102,2%), 2,3 миллион тонна сүрлем (117,9%) және 5,1 миллион тонна сабан (111,9%) дайындалыпты.

– Жалпы, Қазақстанда жемшөппен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты деп болжануда, – деп жазады министрліктің баспасөз қызметі.

Нұржан Кенжеұлы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу