KZ
Өскемен
-22°
плотный туман жел 1 м/с, Ю
505.71 591.43 6.65

Көлік жүйесі жаңарып жатыр: 772 мың адам жұмыс істейтін салада ірі жобалар іске асуда

stock.adobe.com

9.08.2025, 11:00 283 Төлеуғазы Жансая

Қазір елімізде көлік және логистика саласында ауқымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл салада 772 мыңнан астам адам еңбек етуде. Инфрақұрылымды жаңарту мен кеңейту бағытында ірі жобалар жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бүгінде 1300 шақырымнан астам жаңа теміржол желісі, 12 мың шақырым автомобиль жолы және 3 жаңа әуежайдың құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ, заманауи логистикалық орталықтар салу жұмыстары жалғасуда.

Көлікпен жүк және жолаушы тасымалдау көлемі жыл сайын артып келеді. 2029 жылға қарай Қазақстан арқылы өтетін транзит көлемін 100 миллион тоннаға жеткізу көзделіп отыр. Бұл – еліміздің халықаралық саудадағы рөлін күшейтуге бағытталған нақты қадам.

Мультимодальды көлік дәліздері – яғни, теміржол, автожол және әуе тасымалын біріктіретін бағыттар – белсенді дамып, салаға озық цифрлық технологиялар енгізілуде.

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында көлік саласы 22,7% өсім көрсетіп, экономикада оң нәтижелерге қол жеткізді. Сонымен қатар, мамандар тапшылығын болдырмас үшін қосымша білім гранттары бөлініп, білікті кадрлар даярлауға басымдық беріліп отыр.

Бұл бастамалар ел ішіндегі ғана емес, халықаралық деңгейдегі тасымал жүйесін жақсартып, Қазақстанды маңызды көлік хабына айналдыруға бағытталған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу