KZ
Өскемен
-10°
пасмурно жел 5 м/с, З
512.83 600.58 6.36

Бүгін – қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл

15.08.2025, 08:30 217 Төлеуғазы Жансая

Бүгін қазақ музыкасының тарихында өшпес із қалдырған әйгілі композитор, Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл толды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші Қалдаяқов 1930 жылы 15 тамызда Шымкент облысы Отырар ауданында дүниеге келген. Ол 1950-жылдардан бастап шығармашылықпен айналысып, Алматы консерваториясында білім алған. 40 жылдан астам уақыт ішінде сазгер 300-ге жуық ән жазып, қазақ эстрадасының дамуына өлшеусіз үлес қосты.

Халық сүйіп тыңдайтын «Бәрінен де сен сұлу», «Ана туралы жыр», «Қуаныш вальсі», «Арыс жағасында» сынды туындылары әлі күнге дейін сахнадан түскен емес. 1965 жылы Қазақстан Комсомол сыйлығының иегері атанып, 1991 жылы Қазақстан Республикасының Халық әртісі атағын иеленді.

Шәмші Қалдаяқовтың дарынына шетелдік өнер майталмандары да таңдай қаққан. Мәселен, ағылшын өнер қайраткері Роберт Файлер: «300-ге жуық ән шығару – ұлы ерлік. Сізге ескерткіш орнату керек», – деп бағалаған.

1991 жылы композитор туралы «Жылдарым менің, жырларым менің» деректі фильмі түсірілді. Артына мол мұра қалдырған ұлы сазгер 1992 жылы Алматыда өмірден өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу