«Әнім сен едің»: Өскеменде Шәмшінің әйгілі әндері шырқалады (видео)

Ертең, 21 наурыз күні сағат 15:00-де Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының көрермендер залында Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына және Наурыз мейрамына арналған ерекше концерт өтеді.
Шараны ұйымдастырушы – Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы.
Кеш «Әнім сен едің» деп аталады. Оған Байжігіт атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі мен көпшілікке танымал «An.Sal.Dar» тобы қатысады. Көрермендерге Шәмші Қалдаяқовтың ел жүрегінен орын алған мәңгілік әндері тарту етіледі.
Кіру тегін!
Барша Өскемен тұрғындары мен қонақтарын ұлы композитордың өнеріне тағзым етуге шақырамыз.
Оқи отырыңыз