KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, З
504.34 556.34 5.97

Нұрғиса Тілендиевтің туғанына – 100 жыл

1.04.2025, 09:00 165 Төлеуғазы Жансая

Бүгін қазақ музыкасының жарық жұлдызы, композитор, дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Дәулескер домбырашы 1925 жылы 1 сәуірде Алматы облысы, Іле ауданында дүниеге келген. Оның шығармашылығы қазақ музыка өнерінің алтын қорына енді. Ол әр жылдары Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының дирижері, Қазақтың халық аспаптар оркестрінің бас дирижері, "Қазақфильм" киностудиясының музыка редакциясының бас редакторы қызметтерін атқарды. 1981 жылдан бастап "Отырар сазы" фольклорлық-этнографиялық ансамблінің ұйымдастырушысы әрі көркемдік жетекшісі болды.

Нұрғиса Тілендиев – "Алтын таулар" операсының (Қ.Қожамияровпен бірге), "Достық жолымен" балетінің (Л.Степановпен бірге), "Ортеке" балет-поэмасының, "Менің Қазақстаным" кантатасының, оркестрге арналған "Поэма", "Ата толғауы", "Ақсақ құлан", "Аққу", "Арман", "Махамбет", "Көш керуен" поэмалары мен "Халық қуанышы", "Қайрат", "Жеңіс салтанаты" атты кіріспелердің авторы. Оның қаламынан 400-ге жуық ән мен романс, 50-ден астам драмалық қойылымға, 19 көркем фильмге, 17 мультипликациялық фильмге және 14 деректі-хроникалық фильмге арналған музыкалар туған.

Өнерге қосқан зор үлесі үшін Нұрғиса Тілендиев екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. Ол – қазақ музыкасының тарихында өшпес із қалдырған бірегей тұлға.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу