KZ
Өскемен
-1°
небольшой снег жел 2 м/с, В
504.49 587.73 6.57

Үкімет Президент Жолдауын жүзеге асыру жоспарын бекітті

Фото: Үкімет

15.09.2025, 16:50 254 Төлеуғазы Жансая

Бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары қаралып, мақұлданды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Отырыста Премьер-министр Жолдауда елді жаңа даму деңгейіне шығаратын жүйелі шаралар белгіленгенін атап өтті. Оның ішінде экономика, агросектор, логистика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларына цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні енгізу міндеті қойылды.

– Біз Президенттің инвестициялық ахуалды жақсарту, негізгі салаларды жаңғырту, мемлекеттің тиімділігін арттыру және әлеуметтік қолдауды күшейтуге бағытталған бастамаларын орындау үшін нақты шаралар қабылдаймыз. Цифрлық трансформация, экономиканы жаңғырту және адам капиталын дамыту – еліміздің орнықты дамуына негіз болады. Жоспар барлық міндеттерге сай келеді, ал мемлекеттік органдар оны сапалы әрі уақтылы орындауға тиіс, – деді Олжас Бектенов.

Жалпыұлттық жоспар жобасы дауыс беру барысында бірауыздан қолдау тапты. Ұлттық экономика министрлігіне Үкімет Аппаратымен бірлесіп, тиісті Жарлық жобасын Президент Әкімшілігіне енгізу тапсырылды. Ал Үкімет мүшелері жоспардың орындалуын бақылап, үйлестіру жұмыстарын жүргізетін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу