KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
504.49 587.73 6.57

Жолдау аясындағы басым бағыттар: Ұлан ауданында ортақ міндеттер белгіленді - ШҚО

12.09.2025, 15:15 237 Төлеуғазы Жансая

Ұлан ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған әлеуметтік-экономикалық даму міндеттері талқыланды. Жиынға қатысушылар экономиканы әртараптандыру, ауыл шаруашылығын дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту және білім беру саласына жасанды интеллектті енгізу сынды басым бағыттарды бірлесе жүзеге асырудың маңызын атап өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің алдағы әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары нақтыланды. Жолдауда көтерілген бастамалар заман талабына сай, нақты әрі маңыздылығымен ерекшеленеді.

Ұлан ауданында Президент Жолдауы ұжымдық түрде тыңдалып, айтылған міндеттер талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев атаған ел дамуының басым бағыттары – экономиканы нығайту, азаматтардың әл-ауқатын арттыру, өңірлерді дамыту, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, цифрлық трансформация және жаңа технологияларды енгізу. Бұл міндеттер аудан деңгейінде жүйелі түрде қолға алынып, іске асырылатын болады.
Жолдауда айтылған міндеттер талқыланған кездесуге ауылдық округ әкімдері, «Amanat» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаттары, бөлімдер мен мекеме басшылары, қоғамдық кеңес мүшелері және жергілікті белсенділер қатысты.

Іс-шара барысында инвестициялар тарту, ауыл шаруашылығын дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту және білім беру саласын цифрландыру мәселелері талқыланып, бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар, бизнес және азаматтық қоғамның бірлескен жұмысының маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Президенттің тапсырмаларын орындау өңірдің тұрақты дамуының берік негізі болып, мықты мемлекет құруға елеулі үлес қоспақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу