KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 7 м/с, ОШ
529.99 546.63 5.21

1533 гектар орманды қалпына келтіру қажет - ШҚО әкімі

31.03.2023, 12:15 302 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысында орманды қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті. Қосымша көшет сатып алуға қаражат та бөлінді.

Бұл туралы өңір басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 1533 гектар орманды қалпына келтіру қажет. Ол үшін көшет отырғызу жұмыстары басталып кетуге тиіс. Қосымша көшет сатып алуға ақша бөлінді, – деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы өрт қаупі күшейетін кезең жақындап қалғанын атап өтті.

– Өткен жылы барлық қызметтер өрттің кең аумаққа таралуына жол бермей, лайықты нәтиже көрсетті. Облыстың орман басқармасы мен орман қорғау ведомстволары жарақтандыру деңгейі бойынша республикада төртінші орында тұрғанын атап өткім келеді: 161 бірлік техника, төрт тікұшақ бар. Материалдық-техникалық база үнемі толықтырылып отырады, – деді облыс әкімі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу