KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 2 м/с, СШ
479.05 534.57 5.17

ШҚО шетелдік туристерге танымал өңірлер қатарында жоқ

Фото: Шартты сурет

7.04.2023, 13:45 282

Қазақстанға келетін шетелдік туристер арасында ШҚО аса танымал емес. 
Шетелдік қонақтар таңдайтын жерлер қатарында Маңғыстау облысы, Астана және Алматы қалалары бар. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 
Алматы, Астана қалалары және Маңғыстау облысы еліміз бойынша шетелдіктер таңдайтын саяхат бағыттарында көш бастап тұр. Шығыс Қазақстан облысы демалыс мерзімінің ұзақтығы бойынша үштікке кірмей қалған. 
Ержан Еркінбаевтың айтуынша, Алматыға былтыр 417 мыңнан астам шетелдік қонақ келген. Ал Астанада бұл көрсеткіш 238 мыңнан астам адамды құрады. Қонақтар орта есеппен оңтүстік астанада 3-5 күн, елордада 2-3 күн өткізген екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив