KZ
Өскемен
+33°
ясно жел 1 м/с, С
467.29 501.03 5.35

Күкірт қышқылы төгілген жерде экологтар тексеру жүргізді — ШҚО

Фото: Экология департаменті

7.04.2023, 23:37 288

Өскемен – Алтай автомобиль жолының 136 километрінде арнайы жүк көлігі жыраға аударылып, салдарынан цистернадағы күкірт қышқылы төгілген еді.
Мән-жайды анықтау үшін ШҚО бойынша экология департаменті қызметкерлері оқиға орнына аттанған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
6 сәуір күні жол апаты салдарынан цистерналы арнайы жүк көлігі аударылып, жерге күкірт қышқылы төгілген.

Мамандар ластанудың ауданы мен тереңдігін анықтау үшін әр жерден топырақ сынамасын алды. Апат болған жерде топырақ әлі қатып жатыр. Алдын ала дерек бойынша, төгілген күкірт қышқылының көлемі 300 литр.

Оқиға орнынан 5 км қашықтықта елді мекендер мен су көздері жоқ. Осы себепті еріген судың ауызсуға қосылуы мүмкін емес деп сендірді мамандар.

Экология департаменті табиғи ортаның құрамдас бөліктерін қалпына келтіру бойынша ремедиацияны жүзеге асыру, ластанған қар мен топырақты арнайы қойма алаңына жеткізу қажеттілігі турасында кеңес берді.

Төгілген күкірт қышқылын бейтараптандыру үшін «Казцинк» кәсіпорны шамамен 10 тонна әк бөлмек. Бұл іс аумақтың ұлғаюына жол бермеу және ластанудың алдын алу мақсатында жүргізіледі.

Ал жүк көлігі арнайы техника арқылы жырадан шығарылды.

Экология департаментінің хабарлауынша, Полиция департаментінен АЕК (КУИ) материалдары келіп түскеннен кейін ластанған жерлерді міндетті түрде қалпына келтіру туралы нұсқама бере отырып, кінәлі адамдарды жауапқа тарту мәселесін қарастырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив