ШҚО-да жол апаты: цистернадан күкірт қышқылы төгілді
Өскемен-Алтай-Катонқарағай-Үлкен Нарын-Рахманов қайнары тасжолында жүк көлігі аударылып қалды.
Цистернада күкірт қышқылы болған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Облыстық экология департаменті оқиғаның мән-жайын айтты. Жүк көлігі тасжолдың 136-шы шақырымында жеңіл көлікпен соқтығысып, аударылған.
«Цистернадан жерге шамалы ғана күкірт қышқылы төгілді», – дейді облыстық экология департаментінің өкілдері.
Мамандар күкірт қышқылының құрамын және топыраққа қаншалықты сіңгенін анықтау үшін сынама алды.
Оқи отырыңыз