Құтқарушылар мұз үстінде қырағы болуға шақырды – ШҚО

Фото: gov.kz
ШҚО-да ТЖД құтқарушылары еріктілермен бірге 589 профилактикалық рейдтік іс-шара өткізіп, ақпараттандыру жұмыстарын жүргізген. Мамандар балықшыларға нұсқаулықты түсіндіріп, қауіпсіздік шаралары бойынша 43 260 жадынама таратты.
Өңір бойынша су айдындарында балық аулау барысында 2021 жылғы көктем-жаз кезеңінде 4 адам суға батып кеткен, ал 2022 жылы 1 дерек тіркелген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Көктемде мұз жұқа әрі қауіпті болады. Осы себепті құтқарушылар тұрғындарды абай болуға шақырды.
Мамандар тұғындарға балық аулауға жалғыз бармауды ескертеді. Су айдындарына барғанда шамамен 15 метрлік арқан, құтқару кеудешесі сынды жеке құралдары болуы керек. Ал көктемде мұзға жоламаған жөн.
Мұз опырылып, суға құлаған адамға жақындамай, көмек көрсету үшін ұзын таяқша, тақта, арқан не басқа заттарды қолданған дұрыс. Егер аталған заттар қолда болмаса, белбеу, шарф, сырт киім не басқа да ыңғайлы затты пайдалануға болады.
Мұздың қалыңдығына қойылатын талаптар бар. Бір адамды көтеретін мұздың қалыңдығы – кемінде 7 см, жаяу өткел салу үшін 158 см-ден артық, көлік өтуі үшін, бұқаралық, мерекелік шаралар ұйымдастыру үшін 30 см және одан артық болуы тиіс.