KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да мұз ойылып, 4 балықшы суға кеткен

25.11.2021, 16:17 185

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар жаңа қатқан мұз қауіптілігі жайлы өңір жұртшылығына түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Осы мақсатта олар жергілікті атқарушы орган өкілдері және полицейлермен бірлесіп 249 рейд, 982 нұсқама өткізіп, балықшыларға 3455 жадынама таратты.

"Халық арасында 25 акция, оқушылар үшін 65 интерактивті сабақ ұйымдастырылды. Су айдындарында 33 ескерту және тыйым салу белгілері орнатылған. Қазіргі уақытта азаматтар мұз үстінде балық аулайтын 84 орын мен 1 мұз өткелі бар", - делінген ақпаратта.

Өткен жылы 3 көлік мұз астына түсіп, қауіпсіздік шараларын сақтамаған 6 балықшы суға батып кетті. 2021 жылы су айдындарында 4 балықшы көз жұмған.

Осы ретте құтқарушылар қалыңдығы 10 сантиметрден кем емес мұз адам үшін қауіпсіз екендігін, дегенмен ешқашан мұзға қараңғы уақытта шығуға болмайтындығын ескертеді.

"Мұзға тек жаяу шығу керек. Сондай-ақ мұз үстіне топ болып жиналмаған жөн. Балық аулауға арналған тесіктер бір-бірінен кемінде бес метр қашықтықта болуы қажет. Ешбір жағдайда мұзға мас күйінде шығуға болмайды. Сізде телефон, мықты арқан және пышақ болуы керек", - делінген хабарламада.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу