Өрт қаупі кезеңінде 30 жағдай тіркелген — ШҚО
Шартты сурет
Өрт қаупі кезеңі басталғалы бері өрт сөндірушілер ШҚО аумағында шөп жануы бойынша 30-ға жуық шақыруға барған. Оның 12-сі өткен демалыс күндері болған. Өрттің басым бөлігі ашық аумақ пен саяжай маңында тіркеледі.
Осы ретте өрттің алдын алу үшін "Geosat" ЖШС-мен жылу нүктелері бойынша ғарыштық мониторинг деректерін ұсыну туралы шарт жасалды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Өрт қаупі кезеңінде табиғи өрттің алдын алу және уақтылы сөндіру мақсатында ШҚО ТЖД іс-шаралар кешенін жүргізіп жатыр екен.
Өңір аумағында күштер мен құралдарды тартудың аудандық жоспарлары түзетілді, осы кезеңде апат қаупін азайту және орман мен дала өртін жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, бірлескен рейдтер жүргізу үшін азаматтық қорғау қызметкерлері қатарынан мобильдік топтар жасақталған. Сонымен қатар ЖПҚ, орман ұйымдары, ЖАО-мен келісімдер жасалды. Оның ішінде "Geosat" ЖШС-мен жылу нүктелері бойынша ғарыштық мониторинг деректерін беру туралы шарт жасалғанын атап өту керек.