KZ
Өскемен
+23°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
459.75 494.14 5.54

ШҚО мен Ұлыбритания арасындағы ынтымақтастық талқыланды

13.05.2023, 13:00 430 ALTAINEWS

Өңірде Ұлыбритания мен Шығыс Қазақстан облысының ынтымақтастығының келешегі талқыланды.

Облысқа ресми сапармен Ұлы Мәртебелі Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Кэтрин Лич ханым келді, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

 

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің м.а. Алмасхан Сматлаев Лич ханымды ҮМЗ, Қазцинк және ТМК сияқты өңірдегі ірі кәсіпорындардың қызметімен таныстырды. Дәл осы жерде әлемдік өнеркәсіптік қоғамдастық қызығушылық танытатын өнімдер шығарылады. Сонымен қатар бұл компаниялар халықаралық деңгейде өздерінің қабілеттерін, мүмкіндіктерін перспективаларын көрсетті.

Британдық тарап үшін ең бастысы инвестициялық портфельді зерделеу болды, өйткені Фуцильям мұражайында өткен "Ұлы дала алтыны" көрмесінен кейін Ұлыбритания туризм, тау-кен металлургиясы салаларындағы ынтымақтастыққа мүдделі, тараптар "жасыл" және "ақылды" қалалардың жобаларын, білім алмасу мүмкіндіктерін қарастыруға дайын. Бүгінгі таңда бізде Еуропалық қайта құру және даму банкімен алты жоба бар, олар сәтті жүзеге асырылуда.

Кэтрин Лич ханым британдық тарап гидроэнергетикалық ресурстардан металлургияға дейінгі инвестициялық жобалардың барлық пулын, сондай-ақ Шығыс Қазақстанның өнеркәсіптік флагмандарымен ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастыруға дайын екенін атап өтті.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив