Өскеменде өрт: 15 адам эвакуацияланды
![](/kz/uploads/posts/2023-01/e3408335-d1e5-447c-94e0-a542001c3a75.webp)
Бобровская көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде өртенді.
Өрт сөндірушілер 15 тұрғынды эвакуациялады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Пәтердегі адамдарға сыртқа шығып үлгерген. Жалын 15 шаршы метр аумақты шарпыды.
«Өрт сөндірушілер оқиға орнына дереу жетті, тұрғындарды эвакуациялап, жылы көлікке орналастырды. Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге 14 өрт сөндіруші мен 5 техника жұмылдырылды. Оқыс оқиға электр жабдығын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан туындап отыр», - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД.
Оқи отырыңыз