ШҚО-да ауыл шаруашылығы өнімдерінің шығарылымы өсті
Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 3,6 пайызға ұлғайғанын айтты.
Министрдің мәлімдеуінше, саладағы өндірістің оң өсімі барлық өңірде байқалады. Ең жоғарғы өсімдердің бірі Шығыс Қазақстан облысына тиесілі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«Саладағы өндірістің оң өсімі барлық өңірде тіркелді. Ең жоғарғы өсімді Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстары көрсетті. 7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлер арасындағы жалпы жағдай мынадай: барлық көрсеткіш бойынша оң өсім 10 өңірде – Абай, Ақмола, Батыс Қазақстан, Жетісу, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында байқалды», – деді министр.