Экономика министрлігі ШҚО-ның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер туралы айтты
Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов өңірлердің 2019 жылдың қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер туралы айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы BAQ.KZ мәлімдеді.
– Өнеркәсіп бойынша 3 облыс артта қалып келе жатыр. Атап айтсақ, Қызылорда (-9,6%), Батыс Қазақстан (-3,8%) және Маңғыстау (-1,4%). Бұл өңірлерде мұнай және газконденсатын өндіру қысқарған. Ал ауыл шаруашылығы бойынша барлық өңірлерде өсу байқалады – дейді Дәленов.
Оның айтуынша, бірқатар өңір бірнеше көрсеткіш бойынша жақсы серпін көрсетуде. Бұл өнеркәсіп, өңдеу, кен өндіру, ауыл шаруашылығы, құрылыс, тұрғын үйлерді пайдалануға беру және инвестициялар салалары бойынша.
– Қостанай облысында 6 көрсеткіш, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында 5 көрсеткіш, Атырау, Қарағанды, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында 3 көрсеткіш жоғары қарқынмен өсуде, – дейді Министр.