Жас мұғалімдер мектебі ұйымдастырылды – ШҚО
Фото: gov.kz
17 мамыр күні Өскемен қаласында жас мұғалімдер кездесуі өтті. Шараны ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы Өскемен қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының филиалымен бірлесе ұйымдастырған.
«ІТ-мектеп-лицей» КММ базасындағы «Феникс» жас педагогтар клубының жұмыс жоспары шеңберінде өткен шараның мақсаты – білім беру үдерісіне Lesson Study тәсілін енгізу және оны игеру бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету. Кездесу сабақты зерттеу күні түрінде өткізілді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жас мұғалімдер мектебі – білім беруді басқарудың маңызды циклі, жас мұғалімнің кәсіби және жеке өсуіне жағдай тудыратын жүйе.
Іс-шара аясында ІТ-мектеп-лицей педагогтары бастауыш сынып, орта буын және жоғарғы сыныптардағы барлық пәндер бойынша зерттеу сабақтарын өткізді.
Кездесу соңында 10 фокус-топ өткізілген сабақтарға және оқу жылының зерттеу қызметіне талдау жүргізді. Шараға 50 педагог қатысты.