Аманжолов университетінде онлайн кездесу өтті
С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да ЖОО ректоры мен мектеп директорларының "Оқушылардың білім сапасын арттыру және олқылықтардың орнын толтыру бойынша оқушылардың білім сапасын арттырудың кешенді іс-шаралар жоспарын" жүзеге асыру бойынша Аманжолов университеті мен Шығыс Қазақстан облысы мектептерінің интеграциясы" тақырыбында онлайн-кездесуі өтті.
Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша С. Аманжолов атындағы ШҚУ мен ШҚО білім басқармасы арасында "Облыс мектептері оқушыларының білімін қалпына келтіру бойынша кешенді іс-шаралар жоспарына" қол қойылған.
Жоспар шеңберінде білім беру саласындағы "педагогикалық ғылымдар" студенттерінің педагогикалық және өндірістік практикасын ұйымдастыру тәсілдері қайта қаралды. Практикадан өту аясында 3-4 курс студенттері, 1 және 2 жыл оқу магистранттары оқу сабақтарын өткізуге қатысады.
Аманжолов атындағы ШҚУ мектеп оқушыларына университет студенттері арасынан мектеп оқушыларымен жеке жұмыс жасау бойынша волонтерлерді бекітті. Өскемен қаласының 31 мектебінен және ШҚО 7 ауданының 16 мектебінен барлығы 2908 оқушы қамтылды.
– Оқушылар мен педагогтар үшін университеттің жеке платформасы "АМАНЖОЛОВ ОНЛАЙН-МЕКТЕБІ" іске қосылды. Платформаның бөлімдерінде бейнесабақтар, кітапхана ресурстары және оқу-әдістемелік материалдар қамтылған. Платформаға кіру университеттің ресми сайтынан жүзеге асырылады, барлық ақпарат тегін және барлық санаттағы оқушыларға қолжетімді, – деді кеңес барысында С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры М.Ә. Төлеген.
Сонымен қатар, ректордың айтуынша, Өскемен қаласы мен облыс аудандарындағы қамқорлыққа алынған мектептер анықталды. Университет студенттері, магистранттары бекітілген мектептерде волонтер болады және мектеп курсының пәндері бойынша оқу сабақтарын жүргізеді.
– Пандемия басталғаннан бері біздің еріктілер – дефектологтар, психологтар, барлығы 50-ден астам адам мектептерде және түзету орталықтарында жұмыс істейді, – деп атап өтті ректор.
5 наурыздан бастап "Физика", "Математика", "Химия", "Қазақстан тарихы", "Дүниежүзі тарихы", тілдер бағытындағы жексенбілік онлайн-мектеп өз жұмысын бастайды.
Сонымен қатар, онлайн-форматта педагогикалық сыныптар бағыты ашылды.
1 қадам – осы жылдың 1 наурызынан бастап ШҚУ-дың "АМАНЖОЛОВ ОНЛАЙН-МЕКТЕБІ" порталында физика, математика, химия, тілдер және Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, биология, география бейіндері бойынша жексенбілік онлайн-мектеп іске қосылады.
2 қадам – ШҚУ порталында "АМАНЖОЛОВ ОНЛАЙН-МЕКТЕБІ" бөлімінде: TEDx конференциясын ұйымдастыру кесте түрінде орналастырылады және ZOOM-ға сілтемелер беріледі.
3 қадам – мектеп оқушыларына арналған TEDx конференцияларының кестесі және олардың қатысуын ұйымдастыру туралы ақпарат мектептердің барлық сайттарында орналастырылады.
4 қадам – университет білім алушыларының birgeoqu бағдарламасы бойынша оқушылармен онлайн-сабақтары әр пән бойынша кесте бойынша апта сайын жүзеге асырылады. Кесте "АМАНЖОЛОВ ОНЛАЙН-МЕКТЕБІ" бөліміндегі Birgeoquа қосымша бетінде және ZOOM сілтемесінде орналастырылған.
– Пилоттық жобада "Физика", "Математика", "Химия" пәндері бойынша студент-практиканттар қатарынан тәлімгердің басшылығымен үлгерімі нашар оқушыларға көмек көрсету үшін мамандандырылған мектептердің жоғары сынып оқушылары арасында "Өзара көмек" топтарын құру жобасы іске қосылады. "Оқушылардың үлгермеуінің педагогикалық және психологиялық проблемалары", "Цифрлық педагогика және педагог қызметкерлердің цифрлық және IT-сауаттылығын қалыптастыру жағдайында Blended Learning" тақырыбы бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттырудың онлайн-курстары қатар ұйымдастырылатын болады. Университет қайта даярлау курстарын өткізеді.
10-11 сынып оқушыларын ҰБТ-ға сапалы дайындау үшін жыл бойы өсу орталығының курстары өтеді, білім басқармасымен бірлесіп "Пайдалы каникул" жобасы іске қосылды, талапкерлерге университет сайтында тесттік база ұсынылды. 11 сынып және колледж түлектерімен ЖОО-ға түсу шарттары бойынша ақпараттық жұмыс тұрақты жүргізілуде, 24/7 Виртуалды қабылдау комиссиясы және call-орталық жұмыс істейді, – деп хабарлады М.Ә. Төлеген.
Мектеп түлектерінің университетке оқуға түсуі үшін университеттің гранттары, атап айтқанда, университеттің олимпиадалары мен конкурстарында – "Болашақ ұстаз" (педагогикалық мамандықтарға түскісі келетіндер үшін), мектеп түлектері арасында "Адам бол! Адал бол!" ("саясаттану" мамандығына түсушілер үшін), Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша "Абай оқулары" конкурстарында жеңіске жеткен жастарға беріледі. Дарынды балаларды қолдауға қажетті жағдай жасау үшін жоғары оқу орны "Дарын" РҒО-мен тығыз қарым-қатынас жасайды және жыл сайын бірлесіп тарих, өлкетану және археология бойынша "Туған ел. Туған жер. Туған глобал» олимпиадасын өткізеді.
– Аманжолов университеті Өскемен қаласының және облыстың мектептерімен белсенді өзара іс-қимыл жасауға дайын, өз қызметтерін әр түрлі бағыттағы оқушыларға да, педагогтарға да ұсынады, – деп атап өтті ЖОО ректоры М.Ә. Төлеген. – Өз кезегінде, мектеп те білім беру нарығындағы өзінің беделі мен мәртебесінің өсуіне мүдделі. Мұғалімдер жоғары оқу орнындағы жаңа қызмет түрлерімен және жаңа білім түрлерімен толықтыра отырып, өзінің кәсіби-біліктілік шеберлігін арттыра алады. Оқушылар заманауи талаптар мен стандарттарға жауап беретін сапалы білім, сондай-ақ ғылыми-зерттеу қызметінің дағдыларын алады. Ал ата-аналар ЖОО-да білім алуға қойылатын талаптар туралы түсінік алуға, сондай-ақ өз балаларының кәсіби таңдауының дұрыстығына көз жеткізуге мүмкіндік алады.