Ересектерге мемлекеттік тілді оқытатын оқытушылар өзара сайысты – ШҚО

Фото: gov.kz
15 мамырда ересектерге қазақ тілін оқытатын ұстаздар арасында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы облыстық байқау өтті. Сайысты ШҚО мәдениет басқармасының облыстық Лингвистикалық орталығы ұйымдастырған.
Байқауды ұйымдастырудағы мақсат – Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік еңбектерін зерделей отырып, тиімді тәсілдерді игеру, оқытушылардың беделін арттырып, тәжірибе алмасу, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Өңірдегі тіл оқыту орталықтарының оқытушылары бақ сынаған байқауда қазақ тілін оқытудың әдіснамасы мен тиімді жолдары анықталып, оны тарату талқыланды.
Сайыстың 3 кезеңінде қатысушылар авторлық бағдарлама ұсынып, оқыту технологиялары мен инновациялық әдіс-тәсілдерді көрсетіп, арнайы тапсырманы орындады. Төреші ретінде Өскемен қаласындағы жоғары оқу орындарының оқытушылары шақырылған.