KZ
Өскемен
+6°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
442.05 474.14 4.74

Жылдамырақ. Жоғарырақ. Күштірек. ШҚО-да спартакиада өтті

Фото: Шартты сурет

26.05.2023, 12:09 1 306

25 мамырда ШҚ гуманитарлық колледжінің базасында ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер арасында «Жылдамырақ. Жоғарырақ. Күштірек» атты облыстық спартакиада өтті.

Жарыс белсенділікті дәріптеу және мүмкіндігі шектеулі студенттерді денешынықтырумен және спортпен тұрақты айналысуға бағыттау мақсатында ұйымдастырылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Спартакиадаға Глубокое техникалық колледжі, Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі, С.Аманжолов атындағы ШҚУ жоғары колледжі, Зайсан технология колледжінің және Жасөспірімдер үйінің атынан барлығы 20-дан астам студент қатысқан.

Қатысушылар 100, 200 метрге жеке есепте жүгіру, командалық аралас эстафета, жеке есепте кросс қашықтыққа жүгіру сынды сайыстар бойынша жарысты.

Байқау қорытындысында әр жарыс түрі бойынша жеке және командалық есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив