KZ
Өскемен
+15°
дождь жел 4 м/с, З
441.41 477.78 4.84

Роботты техникадан аймақтық олимпиада өтті – ШҚО

Фото: gov.kz

31.05.2023, 16:24 300

29 мамырда Өскемен қаласы NIS мектебінде облыстағы жалпы білім беретін мектептер мен білім беру ұйымдары арасындағы WRO олимпиадасының (роботты техника) аймақтық кезеңі өтті.

Олимпиада «RoboMission» (Elementary, Junior, Senior), «Болашақ инноваторлар» (шығармашылық), «RoboSports» және «Future Engineers», «Движение по линии» және «Шагающий робот сумо» категориялары бойынша ұйымдастырылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Сайысқа 17 білім ордасының атынан 5-19 жас аралығындағы 100-ден аса оқушы қатысты.

Назарбаев зияткерлік мектептері – WRO олимпиадасының Қазақстандағы Ұлттық ұйымдастырушысы. Халықаралық WRO ережелері аясындағы іріктеу, аймақтық және республикалық олимпиадалар жыл сайын өтеді.

– Біз роботты техника тұрмысқа енген таңғажайып уақытта өмір сүріп жатырмыз. Роботты техника механиканы, басқару жүйесін және жасанды интеллектіні біріктіреді. Сондықтан ол – ғылыми-техникалық прогрестің ең маңызды саласы. Жастардың бұл салаға қызығу деңгейі өте жоғары, сондықтан роботты техниканың болашағы зор, – дейді WRO олимпиадасы төрешілерінің бірі, Өскемендегі жас техниктер станциясы «Роботты техника» үйірмесінің жетекшісі Мағжан Шәкенұлы.

3 раунд аясында өткен олимпиадада әр категория бойынша жеңімпаздар анықталды. Жеңімпаздар мен қатысушыларға, жаттықтырушыларға кубоктар, дипломдар табысталды.

Өскемен қаласының Жас техниктер станциясы, Өскемен қаласы NIS мектебі, Ұлан ауданының Р.Мәрсеков атындағы орта мектебі және «Білім-инновация» мамандандырылған лицейінің командалары маусым айына жоспарланған республикалық чемпионатқа қатысуға мүмкіндік алды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив