KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
478.54 533.76 5.17

Балалар еңбегін қанауға қарсы науқан ұйымдастырылады – ШҚО

Фото: egemen.kz

31.05.2023, 16:46 313

Облыстық білім басқармасы жыл сайын 1-12 маусым аралығында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқанына балалардың қатысуын қадағалайды. Биылғы жылы да басқарма дәстүрден таймай, науқанға үлес қоспақ.

Балалар еңбегін пайдалану фактілерін анықтау мақсатында ата-аналар қоғамы, жастар ұйымдары және ҮЕҰ өкілдерін тарта отырып базарлар, жанармай құю станциялары, құрылыс алаңдары және өзге де түрлі объектілер бойынша рейдтік іс-шаралар өткізу жоспарланған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!» ұранының аясындағы науқан балалар еңбегін пайдалану проблемасына қоғамның назарын аударуға бағытталған.

Науқан шеңберінде елдегі барлық өңірде балалар еңбегі мәселелерін БАҚ-та жариялау үшін журналистерді тарту, сонымен қатар мәселенің масштабы мен сипаттары, балаға және қоғамға тигізетін әсері, осы саладағы халықаралық және ұлттық заңнама негіздері туралы ақпараттандыруды арттыру міндеттері көзделген.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив