KZ
Өскемен
-7°
небольшая облачность жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Вакцинадан бас тартатындар көбейіп кетті − ШҚО

Фото: inform.kz

16.06.2023, 19:45 277 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО-да екпеден бас тарту жағдайлары үш есе көбейген.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жыл басынан бері ШҚО-ның 9 аумағында екпеден бас тартудың 78 жағдайы тіркелген.

Өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда вакцинадан бас тарту жағдайы 3 есе артқан.

Брифингте ағымдағы жылдың I тоқсанындағы облыс тұрғындарын иммундау қорытындысы жайлы да айтылды.

− 1 жасқа дейін жаңа туған нәрестелердің 97,6%-ы БЦЖ алды, В вирустық гепатитіне қарсы – 96,7%. 1 жастан асқан балалардың 39%-ы пневмококк инфекциясына қарсы егілді, қызылша, қызамық, паротит 1 – 40,9%, полиомиелит ОПВ 4 − 30,4%. Сондай-ақ дифтерияға, сіреспеге қарсы 6066 адам егілді, − деді Сәуле Слямғазина.

Биыл А-2 вирустық гепатитіне қарсы вакцина 1681 балаға салынды, кене энцефалитіне қарсы 6874 адам, құтыруға қарсы 213 адам егілді.

Айта кетсек, Қазақстанда 11 инфекцияға қарсы екпе алу міндетті болып табылады. Шығыс Қазақстан облысының 25 емханасында вакцинация жүргізіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу