KZ
Өскемен
-7°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да вакцинадан бас тартқандар саны артты

Фото: www.bugin.kz

14.06.2023, 19:09 182 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да жыл басынан бері екпеден бас тартқан 78 факті тіркелді.

Ағымдағы жылы өңірде былтырғы кезеңмен салыстырғанда вакцинадан бас тартқандар 3 есе артқан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Оның айтуынша, вакцинадан бас тартудың салдары түрлі аурулардың таралуына әкеп соғуы мүмкін. Сонымен қатар брифинг барысында спикер ағымдағы жылдың I тоқсанында облыс тұрғындарын иммундау қорытындысын шығарды.

– Жалпы, биыл облыста 1 жасқа дейінгі нәрестелердің 97,6 пайызы БЦЖ, 96,7 пайызы В вирустық гепатитіне қарсы екпе алды. Бірден асқан балалардың 39%-ы пневмококк инфекциясына, 40,9%-ы қызылша, қызамық, эпидемиялық паротитке қарсы вакцина салдырған. Сондай-ақ дифтерия мен сіреспеге қарсы 6066 адам вакцинацияланды, – дейді Сәуле Слямғазина.

Биыл А-2 вирусты гепатитіне қарсы 1681 бала, кене энцефалитіне қарсы 6874 адам екпе салдырған.

Ал облыстың бас штаттан тыс иммунологы Иван Мещеряков вакцинация облыстың 25 емханасында жүргізіліп жатқанын атап өтті.

– Бұл рәсімді профилактика жүргізуге рұқсаты бар медициналық персонал арнайы жабдықталған егу кабинеттерінде орындайды. Өңір бойынша 1160 медицина қызметкерінің тиісті лицензиясы бар, – деді ол.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу