ШҚО: Балалар арасында қызылша ауруы тіркелген жоқ
Фото: pol3.depzdrav.kz
Елімізде балалар арасында қызылша ауруы белең ала бастады. Вирустық жұқпалы дерт көбінесе балабақшаларда тіркеліп жатыр.
Ақ халаттылардың айтуынша, бұл ауру вакциандан бас тартқандықтан орын алып отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ШҚО-да қазір жағдай тұрақты. Жыл басынан бері жұқпалы аурудың тек 1 ғана жағдайы анықталған және ол расталмады.
– Бірден асқан балалардың 39%-ы пневмококк инфекциясына, 40,9%-ы қызылша, қызамық, эпидемиялық паротитке қарсы вакцина салдырған. Сондай-ақ дифтерия мен сіреспеге қарсы 6066 адам вакцинацияланды. Ағымдағы жылы екпеден бас тартқандар саны 3 есеге артқан, – дейді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина.
Қазір елімізде көптеген жылдар бойы Үндістанда шығарылған қызылшаға, паротитке және қызамыққа қарсы тірі вакцина (PDA вакцинасы) пайдаланылады. Вакцина өз-өзін дәлелдеді және бұл вакцинаның тиімділігі 95-97%-ға жеткен.
Оқи отырыңыз